UF

ҚАЙМАҚ ТҰЗДЫҒЫНА ПІСІРІЛГЕН АЙВА

Категориясы: Тағам


Жуып тазартылған және ірі етіп, қиықшалап кесілген айва жұмсарғанша қайнатылады. Тағам дайындаудан бірнеше күн бұрын апельсин қабықтары салқын суға салынып қойылады (су күн сайын алмастырылады). Содан соң тазартылып жуылып, мол суға салынып пісіріледі. 200 грамм суға қант нормасының үштен төрті салынып, шырын дайындалады да, соған цукат пісіріледі. Дайын болған цукат қайнатылған айвамен араластырылып, үстіне тұздық құйылады да, духовкаға қойып пісіріледі.

Тұздық былай дайындалады: жұмыртқа қантпен араластырылып шайқалады да оған ұн, қаймақ және ванилин қосылып, дайын болғанша қайнатылады. Содан соң салқындатылады.

Дастарқанға салқын күйінде қойылады.

Бұған 600 грамм айва, 150 грамм апельсин қабығы, 200 грамм құм шекер, 200 грамм қаймақ, 80 грамм жұмыртқа, 10 грамм ұн және 0,15 грамм ванилин жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-09 15:05:26     Қаралды-2148

Мәлімет сізге көмек берді ма

АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР

...

Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Ең алғашқы «ғажайыпты» жасаушы кім?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

...

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНАР ШӘРБӘТІ

...

Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ

...

Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »