АЛМА ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ
Категориясы: Тағам
Күріш күрмегінен тазартылады, жуылады. Әуелі суға салынып шала, содан соң сүт құйылып әбден пісіріледі, үстіне май салынады. Алма да жуылып, өзегі мен дәні алынып тасталады. Жұқалап кесіліп, шырынға салынады да жақсылап пісіріледі. Піскен тағам тарелкаларға аударылып, үстіне шырынға пісірілген алма салынады. Бұл тағамның үстіне кілегей құюға да болады.
Бұған 200 грамм күріш, 200 грамм құм шекер, 50 грамм сарымай, 300 грамм алма және 300 грамм сүт, ал шырын үшін 100 грамм құм шекер мен 150 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 15:32:32 Қаралды-2749
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.
ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.
ҚЫЗЫЛ КІТАП НЕГЕ КЕРЕК?

Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы - Қызыл кітабы.
ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫ

Ұлытау аймағы Сарыарқаның оңтүстік-батыс шегінде, Қарағанды, Қостанай облыстары жерінде орналасқан. Негізінен, Қарағанды облысы Ұлытау ауданын қамтитын бұл аймақ шоқылы, қыратты келген аласа таулардан тұрады. Олардың жалпы орташа биіктігі 400-600 метр, кө
КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ

Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.