БҮЛДІРГЕН ПЮРЕСІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ
Категориясы: Тағам
Тазартылып, жуылған күріш суға салынады. Ол шала пісіріледі де сүт құйылып, әбден қайнатылады. Үстіне сарымай салынады. Іріктелген бау бүлдіргені жуылып, құм шекер қосылады да біркелкі пюре болып шыққанша араластырылады. Күріш алдын-ала май жағылған арнаулы шағын ыдыстарға салынып ыстық суға қойылздьі. Сөйтіп 3-4 минуттай пісіріледі де тарелкаларға салынып, үстіне бүлдірген пюресі жағылады. Бұл дастарқанға ыстық күйінде қойылатын тағам.
Бұл тағамға 200 грамм күріш, 300 грамм сүт, 50 грамм сарымай, 300 грамм бау бүлдіргені және 200 грамм құм шекер жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 15:25:38 Қаралды-2058
ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.
ШЫРМАУЫҚ БУДРА - ЖАЛПЫ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ

Шырмауық будра бақтардың, ормандардың ішінде, бұталардың арасында, егістік жерлер мен шабындықтарда, өзен жағаларында өседі.
АЛВАХАЗИ

Қайнатылған ара балынан түрліше, яғни сақина, сегіздік, бұрама, т. с. с. етіп жасалған кәмпит осылай аталады. Түсі жібектей жылтыр реңді, ашық сары болады.
ЖЕР ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ЖЕМІС НУГАСЫ

Бұл - жер жаңғағын қосып, қантқа салып пісірілген курагадан тұратын тағам. Формасы төрт бұрышты, құмшекер себілген.