КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК
Категориясы: Тағам
Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі. Оған жұмыртқаның ақ уызы мен құм шекер, лимон қышқылы қосып араластырылып, үстіне курага қайнатпасына езіліп бөктірілген желатин сыздықтатыла отырып құйылады. Бұл масса мұздың үстіне немесе салқын суға қойылып, әбден шайқалады. Дайын тағам вазаға салынып дастарқанға қойылады.
Мұны жасауға 300 грамм курага, 100 грамм құм шекер, 20 грамм желатин, жұмыртқаның 100 грамм ақ уызы, 1 грамм лимон қышқылы және 500 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 15:17:48 Қаралды-2458
КЕТБҰҒА КҮЙШІ МЕН ЖОШЫ ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйткіген құландарды өткір жебемен дәл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген аяушылық болмайды.
БАЛҚАЙМАҚ

Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.
АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.
НЕЛІКТЕН ШЫҢҒЫС ХАН ӘСКЕРІ ӘЛЕМНІҢ ЖАРТЫСЫН ЖАУЛАП АЛДЫ?

Бұл сұрақтың жауабы моңғол әскерінің бойына серік болып көрінген сәттілікте ғана емес, сонымен бірге бұл әскердің қаншалықты күшті екенінде де жатыр.