Адамдар тұрмайтын тамаша қалалар
Категориясы: География
Заманауи адамы көп әлемде тұрып, планетаның адамдар тұрмайтын қалаларының бар екендігіне сену өте қиын. Бірақ, естігенге таңқаларлықтай болғанымен, шын мәнісінде осындай қалалар бар.
Біздің алдымызда бірнеше осындай қалалар келтірілген, олар біршама жағдайлардың әсерінен тұрғызылған және қараусыз қалған.
1. Канбаши
Қытайдың солтүстігіндегі Ордос қалалық аймақта 300 мың тұрғынға есептелінген Канбаши қаласы бар. Құрылыс бумы кезеңінде салынған, келешек мегаполис жылжымайтын мүлік инвестициясы ғана болып қала берді.
Әлемдік қаржы дағдарысы құрылысшылардың тәбетін айтарлықтай төмендетті және енді олардың кейбіреулері салынған қаржыларының аз болса да бір бөлігін қайтарып алуға бекерге тырысып жүр, босап қалған мұнараны жарып, алған жерлерін жаңа инвесторларға сатуды ойластырып жүр.
2. Сесенья қаласының шеті
Испанияның Сесенья қаласының аулаларында, Мадрид пен Толедо арасында, жылжымайтын мүлік үшін шамадан тыс сұраныстың ортасында миллиардер Франсиско Эрнандо жеке үй салушылармен салынғандардың ішіндегі Еуропадағы ең ірі атанған, 13 500 пәтері бар үлкен тұрғын үй кешенін салды.
2008 жылы Эрнандо 2 мыңнан аса пәтерді жобаның несие алушыларына берді, бірақ үкімет ауыз судың және ғимаратқа орналастыруға рұқсат қағаздың жоқтығынан сатуды тоқтатты, инфақұрылымды және жолды айтпағанда. Барлық айтылғандарда Эрнандо салықтарды төлемеуші және пара алушы ретінде кінәлі болып танылды, нәтижесінде құрылысты тастап кетуіне және Экваторлық Гвинеяға қашып кетуіне тура келді.
3. Киджондон
Қарусыздандырылған аймақтан жақын жердегі солтүстік кореяның қаласы Киджондонды жиі «насихаттау ауылы» деп атайды. Бұл Солтүстік Кореяның толығымен жабылған бір ғана елді мекен, оны Оңтүстік Корея аумағынан бақылауға болады.
4. Киламба
Мүлікті басқару жөніндегі халықаралық қытай инвестициялық корпорациясы Ангола астанасы Луандадан 30 км жерге Киламба қаласын салды. 750 сегіз қабатты тұрғын үй 500 мың адам тұруға есептелінген, оларға сондай-ақ, жүздеген сауда орталықтары және ондаған мектептер салынған.
Құрылыстың аяқталғандығына қарамастан, Киламбада осы уақытқа дейін 220 пәтер ғана сатылды, себебі Анголаның көп тұрғындарының тіпті ипотеканың көмегімен пәтерлер сатып алуына мүмкіндіктері жоқ.
Жарияланған-2015-10-21 14:30:20 Қаралды-4531
МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді
АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.
ҚОС АЛУА

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

Жұмыртқаның сары уызы, қант және бал қосылып езіледі. Май немесе қаймақ, үгілген сүзбе қосылып тағы да езілгеннен кейін формаға аударылып, суытылады.
ШЕТЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Раушан гүлділердің алма тұқымдас тармағына жататын өсімдік. Жемісі адам организмі үшін өте пайдалы. Оны «витаминдер шығатын бұлақ» десек қателеспейміз.