ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК
Категориясы: Тағам
Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады. Өрік қайнатпасына желатин ерітіледі. Лимон қышқылы қосылады да ол сыздықтатылып өрік пюресінің үстіне құйылып араластырылады. Қайнатпаны құю үстінде де пюрені араластыру тоқтатылмайды. Дайын ыдыстарға салынып, салқындатылады.
Бұл тағамға 650 грамм өрік, 200 грамм құм шекер, жұмыртқаның 100 грамм ағы, 1 грамм лимон қышқылы, 20 грамм желатин және 150 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 14:47:51 Қаралды-3036
ТӘТТІМБЕТ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ
КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.
СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.
КӨКПАР

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.
МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ

Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.