АЙВА САМБУГЫ
Категориясы: Тағам
Жуылған айва 2-4 бөлікке бөлініп, табаға немесе жұқа табаға салынады. Үстіне аздап су құйылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Қалған сығындыға су құйылып, 8-10 минут бойы қайнатылады да, содан соң сүзіледі. Қайнатпаға бөктірілген желатин салынып ерітіледі. Айва пюресіне қант пен шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, араластырылып шайқалады. Көпіршіп бола бергенде үстіне біртіндеп желатин ерітілген қайнатпа қосылып, көпіршігенше шайқалып араластырылады. Дайын тағам ыдыстарға құйылып салқындатылады.
Мұны дайындауға 750 грамм айва, 150 грамм құм шекер, жұмыртқаның 80 грамм ақ уызы, 25 грамм желатин және 160 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 14:31:47 Қаралды-1955
ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.
БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?

Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.
ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.
ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ

Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды.
ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ

Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.