АЛМА САМБУГЫ
Категориясы: Тағам
Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып, 10-12 минут бойы қайнатылады да сүзіледі. Содан соң ол қайнатпаға суға бөктірілген желатин қосылады. Алма пюресіне қант пен шикі жұмыртқаның ақ уызы салынады. Содан кейін ол мұз үстіне қойылады немесе салқын суға салынады да көпіршіген массаға айналғанша шайқалады. Содан кейін желатин қосылған қайнатпа қосылып араластырылады. Дайын болған тағам ыдыстарға құйылып, салқындатылады.
Бұл тағамға 750 грамм алма, 150 грамм құм шекер, жұмыртқаның 80 грамм ақ уызы, 25 грамм желатин және 150 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 14:27:12 Қаралды-2295
АЛТАЙ АЙМАҒЫ

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб
ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.
ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.
ҚЫТЫРЛАҚ

Ун, сүт, жұмыртқа және қанттан қатты тұщы қамыр иленеді. Ол жұқалап жайылып, арнаулы кескішпен дөңгелектеліп кесіледі де қыздырылған майға ашық сары түске енгенше қуырылып пісіріледі.
СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.
БҰЛ БАСҚАТЫРҒЫШ ӨНЕРТАПҚЫШТЫ МИЛЛИОНЕР ЕТТІ

Рубик кубигі туралы ең қызықты деректер оқуға шақырамыз.