ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ
Категориясы: Тағам
Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады. Содан соң масса араластырылып, столға салып иленеді. Қамыр ыдысқа салынып, салфеткамен жауып байланады да жылы жерге қойылады. Қамыр көтеріліп, көлемі екі есе үлкейгенде ол стол үстіне салынып, екінші рет иленеді де тағы да жылы жерге қойылады. Сөйтіп әбден бабына келгенше тұрады. Дайын болған қамыр аспаздың қалауынша формаға келтіріледі. Алдын ала май жағылған металл табаға салынып 60-80 минут тағы да жылы жерге қойылады. Содан соң 200-210 градус температурада 1,0-1,5 сағат бойы пісіріледі.
Оның піскен-піспегенін қабығының түсіне және салмағына қарап айыруға болады. Дайын болған бөлкенің қабығы қоңыр тартып, салмағы жеңілденеді. Бөлкенің үстіне әр түрлі ұлттық оюлар салынып, әсемделеді.
Бұл тағамға 8 стакан ұн, 125 грамм сарымай, 2 стакан сүт, 2 стакан құм шекер, 3 жұмыртқа, жарты стакан кагор шарабы, 1 ас қасық какао, 300 грамм грек жаңғағының дәні, жарты шай қасық тұз, 100 грамм ашытқы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 12:22:48 Қаралды-2813
ДӘРІЛІК МЕЛИССА

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ

Рауғаштың медицинаға ену тарихы өте қызық. Біздің эрамыздан 2700 жыл бұрын бұл өсімдік Қытайда іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылған.
ТӘУЕКЕЛ ХАН

Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір
Адам бойы кешке қарағанда таңертең ұзын

Адам бойы немесе адам денесінің ұзындығы – бұл бастың ұшы мен табанға дейінгі ара-қашықтық. Антропологияда бой антропометриялық белгілердің бірі болып табылады. Адамның дене құрылысының дамуы көрсеткіштерінің тізіміне жатады.
МОЗАИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРДІҢ БІРІ

Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.