КАРАМЕЛЬ
Категориясы: Тағам
50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады. Қалған қант таза табаға салынып, қоңыр тартқанша қыздырылады. Ол сұйылады, содан соң екі ыдысқа тең бөлініп құйылады. Олардың үстіне бұрын шайқалған масса құйылады да буға қойылады. Ыдысқа құйылған әлгі сұйықтар қатқанда алынып, салқындатылады. Дастарқанға сол салқын күйінде қойылады.
Карамель жасауға екі жұмыртқа, 200 грамм сүт, 60-80 грамм қант, ваниль жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 18:50:37 Қаралды-3684
«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О
ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚУЫРМАСЫ (печенье)

Кептірілген нан түйіліп, ұнтақталған жаңғақпен және қантпен араластырылады. Үстіне ерітілген сарымай, жұмыртқаның мұқият шайқалған сары уызы, жарты лимон шырыны мен қабығы салынады.
ҚАСҚЫР

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
КҮМІС АЛУ

Күміс алу (теңге алу) - өте қызықты, -жігітті сынайтын ойындардың бірі. Белгіленген арақашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе тенге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады.
АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...