МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ
Категориясы: Тағам
Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады. Қайнатылған жемістер сүртіледі, ал пюре қантпен араластырылып, қоюлығы қаймақтай болғанша қайнатылу керек. Алынған масса май жағылған астаушаларға, жұқа табаға немесе полиэтилен пленкаға салынып (қалай және қай жерге қойып кептірілуіне байланысты) қойылады. Дайын болған кәмпитті түрліше етіп кесуге болады. Олар тіпті түтікше етіліп те орала береді. Содан соң сақтауға қойылады.
Бұл тағамды жасауға 1 килограмм мүкжидек, 0,8-1,0 килограмм қант, 200 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 18:34:36 Қаралды-3069
АПИЫН-КӨКНӘР

Бұл да – биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік әрі қысқа, жапырақтары көп.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.
ШЫҒЫС АЛУАСЫ

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.
АҚ ТҰҢҒИЫҚ

Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.
ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА

Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар.