ИТМҰРЫННАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Категориясы: Тағам
Итмұрын жемістері жуылып, дәнінен тазаланады да, кастрюльге салынып, үстіне су құйылады. Сөйтіп бәсең отқа қойылып, жұмсарғанша қайнатылады. Салқындатылып, кепсермен езгіленеді. Алынған массаға қант салынып, қайнатылады. Содан соң қоспа жұмыртқаның ақ уызы қосылып, 40-45 минут бойы шайқалады. Шайқалған массаның көпіршіп тұруы, жұмсақ, арасында ұсақ қуыстары болуы және салқын әйнекке құйғанда жайылып кетпеуі тиіс. Шайқап болысымен оны сол бойда май жағылған қағаз төселген формаларға құю керек те дереу духовкаға қойып кептіру қажет.
Духовканың температурасын 55-60 градустан асырмай, 15-20 сағат бойы кептіріледі.
Салқындағаннан кейін кәмпит қағазынан арылтылып, үстіне қант ұлпасы себіледі. Егер дұрыс дайындалса кәмпиттің піспей қалған тұсы болмайды. Сонымен бірге ол ағаш шанышқымен шанышқанда жабыспауға тиіс.
Бұл тағамды жасауға 500 грамм итмұрын пюресі, 400 грамм қант, жұмыртқаның 5 грамм сары уызы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 18:29:54 Қаралды-5866
ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?

Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ «КӘРІ» АҒАШ ТАБЫЛДЫ

Швейцариядағы бір унивөрситеттің ға лымдары сол елде өсетін ағаштарға санақ жургізу кезінде қылқан жапырақты ең «кәрі» шырша ағашын тапқан. Бұл ағаштың жасын ғалымдар қазіргі кезде қолданылатын радиокөміртегі сараптамалық әдіс бойынша анықталған.
БИДАЙДАН АЛЫНҒАН ДӘРІ ЖҮРЕК ДЕРТІН ЕМДЕЙДІ

Қазіргі зерттеулер бойынша әлем халқының 66 пайызы жүрек дертінде шалдыққаны анықталып отыр. Бұл кардиолог (жүректі емдеуші) дәрігелерді қатты алаңдатуда.
ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.
КАРАМЕЛЬ МАССАСЫ ЖАҒЫЛҒАН ІНЖІР ЖӘНЕ АЛХОРЫ

Інжірден жасалып, ішіне грек жаңғағы толтырылған, сыртына карамель массасы жағылған тағам - карамель массасы жағылған інжір деп аталады.