БАДАМ ПЕЧЕНЬЕСІ
Категориясы: Тағам
Бадам іріктеліп алынып, жуылады, жылы жерге қойып аздап кептіріп, рецепте көзделген құм шекердің жартысымен, жұмыртқа ақ уызының төрттен бірімен араластырылады. Осының барлығы ет тартатын машинадан өткізіледі. Содан соң қант пен жұмыртқа ақ уызының қалғаны қосылады. Масса араластырыла отырып, 40 градусқа дейін қыздырылады да үздіксіз араластырып, 18-20 градусқа дейін салқындатылады. Ұн қосылып, 10 минут бойы шайқалады. Дайын болған қамыр қалтаға (кондитер қалтасына) салынады да май жағылған және ұн себілген қаңылтыр табаға сығып шығарылады (шағын шелпектер тәрізді етіп). Сондай-ақ духовкаға қойылып, дайын болғанша пісіріледі.
Бұл тағамды жасауға 200 грамм бадам, 200 грамм қант, 6 жұмыртқа ақ уызы, 100 грамм ұн, 20 грамм сарымай жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 17:20:31 Қаралды-2159
ЖЕМІС ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

Сарымайға қант қосу керек. Үгілген ірімшік, жүзім, кептірілген өрік, қуырып, ұнтақталған жаңғақ, ванилин қоса отырып, ағарғанша езіледі.
«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады.
БАЛЫҚШЫЛЫҚ

Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқ
НАУАТ (кинза шекері)

Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.