UF

ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

Категориясы: Тағам


Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады. Үздіксіз араластырыла отырып, әуелі күшті отқа қойылады да әбден қызғаннан кейін от бәсеңдетіліп, қоюланғанша қайнатылады. Оттан алынып, иісі шығуы үшін екі шымшым ванилин салынады. Қоспа әбден салқындап болғанда қолды суық суға батырып алып грек жаңғағының үлкендігіндей етіп домалақтау керек. Әр домалаққа қабығы аршылған бір-бір бадам дәні салынады. Домалақтар алдын-ала май жағылған жұқа табаға арақашықтығы едәуір етіліп салынады да қызуы орташа духовкаға қойылып, қызғылт тартқанша пісіріледі.

Мұндай печенье жасау үшін грек жаңғағының орнына орман жаңғақтарын да пайдалануға болады.

Бұл тағамды жасауға 260 грамм жаңғақ, 250 грамм қант, жұмыртқаның үш ақ уызы жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-04 17:10:52     Қаралды-3001

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚҰР

...

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Су әлемінің балықтары-бүрікпебалықтары-мергендері

...

Бүрікпебалықтар - суды бүркіп шашу қабілетімен ерекшеленетін алабұға тәрізді жасақтың Toxotidae көптипті тұқымдасының шынтақ иық балықтар. Егер табиғат теңіз жыртқыштарын интеллект деп бөлгенде және әркімге өзіне кәсіп таңдауға мүмкіндік бергенде, онда б

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ СІЛІКПЕСІ

...

Сүт қайнатылып, оған құм шекер мен ванилин салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРАМЕЛЬ МАССАСЫ ЖАҒЫЛҒАН ІНЖІР ЖӘНЕ АЛХОРЫ

...

Інжірден жасалып, ішіне грек жаңғағы толтырылған, сыртына карамель массасы жағылған тағам - карамель массасы жағылған інжір деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫМЫЗ - БАТЫРЛАР СУСЫНЫ

...

Қымыз - бабын таппасаң өте кірпияз ас.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »