ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Категориясы: Тағам
Бірінші вариант.
Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады. Кішіректеу жаңғақтай етіп домалақталып, май жағылған жұқа табаға салынады. Салқындап келе жатқан домалақтардан тездетіп кәмпиттер жасалады.
Кәмпит жасау үшін барлық варианттарда да бадам, лещина жаңғағының немесе жер жаңғағының дәндерін пайдалануға болады.
Бұл кәмпитті жасауға 500 грамнан қант пен жаңғақ қажет.
Екінші вариант.
Жаңғақ шағылып, дәні тұтас алынып, екіге бөлінеді. Терең ыдысқа қант ұлпасы, жұмыртқа ақ уызы, салқын су және ванилин салынып, бәрі жақсылап араластырылады да алынған массадан домалақтар жасалады. Әр домалақтың екі жағына жаңғақтың қыздырылған жарты дәні жабыстырылады.
Бұл тағамды жасауға 400 грамм қант ұлпасы, 200 грамм жаңғақ, 10 грамм су, 2 грамм ванилин және бір жұмыртқа жұмсалады.
Үшінші вариант.
Қант ұлпасына жұмыртқа ақ уызы қосылып, жақсылап әбден шайқалады да ванилин және ұнтақталған жаңғақ қосылады. Қоспа иленіп, одан көлемі бірдей етіліп домалақтар жасалады. Әр домалақтың ортасына екі мейізден салынады. Бір жұмыртқаның ақ уызы шайқалып көпіршітіледі де оған домалақтар батырылып алынады. Содан соң үккішпен үгілген шоколадқа аунатылады. Дайын болған кәмпиттер салқын жерде сақталып, 2-3 күннен кейін дастарқанға қоюға келеді.
Бұл тағамды жасауға 200 грамм қант ұлпасы, 250 грамм жаңғақ, 70 грамм мейіз, 2 грамм ванилин және 3 жұмыртқа жұмсалады.
Төртінші вариант. Жаңғақ дәндері тұтас күйін сақтай отырып, қабығынан тазаланады. Суға батырып алынып, мол қылып қант ұлпасы жағылады да осы күйінде бір сағат бойы ұсталады. Содан соң терең табаға салынып, отқа қойылады да қант карамельге айналғанша жаңғақтар араластырыла беріледі.
Бұл кәмпитті жасауға 300 грамм жаңғақ, 50 грамм қант ұлпасы және 10 грамм су жұмсалады.
Бесінші вариант. Ұнтақталған жаңғақтан, қант ұлпасынан, шоколадтан және бір жұмыртқа ақ уыздан қоспа дайындалып, жақсылап араластырылады. Сол қоспа қалың етіп жайылып, төрт бұрышталып және қиғаш терт бұрыштаталып кесіледі де әбден шайқалған белокқа батырып алынып, үккішпен үгілген шоколадқа аунатылады. Содан соң ыдысқа немесе жұқа табаға салып кептіріледі.
Бұл тағамды жасауға 250 грамм жаңғақ, 130 грамм қант ұлпасы, 1 шоколад, 2 жұмыртқаның ақ уызы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 16:32:04 Қаралды-2444
ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді.
ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ

Шағатай ұлысы - 1260-1346 жылдар аралығында Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті.
НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.
ҚЫРЫҚҚҰЛАҚ

Қырыққұлақ - жапырақтары тілімденген сәндік өсімдік. 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 35-ке жуығы кездеседі. Кейбір түрлері тамыры арқылы, кейбірі жапырағында пайда болатын өнім бүршіктерімен көбейеді.
БАЛ АРАЛАСТЫРЫЛҒАН СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Ұнға сода араластырылып, елекпен еленеді. Май қантқа қосылып, әбден ағарғанша шайқалады.
СУҒА ЖҮЗУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Суда жүзіп жүрген адамдарды бейнелейтін сурет осыдан 25 ғасыр бұрын салынған, ол Ливия шөлінен табылған.