МЕЙІЗ ЖӘНЕ ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН РУЛЕТ
Категориясы: Тағам
Тоқаш пісіруге арналған дайын ашыған қамыр 1,0-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, шылқытып сарымаймен майланады, үстіне қант және ірілеу етіп ұнтақталған жаңғақ қосылған жүзім себіледі. Орап, табақшаларға салынып, жақ- сылап бабына келтірілген соң жұмыртқа жағылады, қызуы орташа духовкаға қойылып пісіріледі.
Бұл тағамға 500 грамм қамыр, 150 грамнан ішіне салатын жаңғақ және мейіз 130 грамнан май және қант жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 13:19:58 Қаралды-2963
ТОРҒАУЫТ

Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырад
КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.
Сонымен түйме не үшін қажет?

Пиджактың ең астындағы түймесін этикетке сәйкес түймелемеуді барлығы біледі.
ЧЖАН ЦЯНЬ

Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.
ҚҰР

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.
ТОБЫЛҒЫ

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.