ҚАУЫНҚҰРТ
Категориясы: Тағам
Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады. Сөйтіп кастрюльге салынады да отқа қойылып, біркелкі масса пайда болғанша қайнатылады. Ал ұн ыдысқа салынып, қоңыр түске айналғанша қуырылады. Содан соң қуырылған ұн әлгі қайнап жатқан қауын сөлінің үстіне салынып, араластырылады да отты басып қойып, тағы да 5-10 минут асылады.
Осылайша дайындалған масса диаметрі 3-4 см етіліп домалатылады немесе кесіледі. Сөйтіп шыптаның үстіне шашылып тастады да күн көзіне кептіріледі.
Қауынқұрт дайындауға 2-3 килограмдық бір қауын, 1 стакан ұн жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 12:30:44 Қаралды-6335
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
МИФТЕР

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, әфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақсипаттары коп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен ажыратып, өзгешелеп тұратын бірқатар ерекшеліктері д
ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.
ШАНАМЕН ҚҰЛДИЛАУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Шана тебу спортының отаны Ресей екендігін дәлелдейтіннақты дәлелдердің бірі, Нижний Тагил қаласынан табылған ескі шана біздің дәуірімізден 6000 жыл бұрын жасалған екен.