БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ
Категориясы: Тағам
Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады. Қамыр ашып болған соң және қайнатпа 35-40 градусқа дейін салқындағаннан кейін яғни екі сағаттан кейін екі қамыр қосылады да қалған өнімдер де салынып, қамыр әзірленеді. Ол бір сағат ашытқан соң маймен майланған жұқа табаға дөңгелек бөлке етіп салынады да, аздап ұстаған соң пеш температурасын 200-300 градусқа жеткізіп, 25-30 минут бойы пісіріледі.
700-750 грамм бөлке жасау үшін 1 стакан бидай ұны, 1 стакан жүгері ұны, бір ас қасық құм шекер, жарты стакан сүт, 1 стакан су, 50 грамм сарымай, 1/4 шай қасық тұз, 30 грамм ашытқы, 2 жұмыртқа жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 11:10:22 Қаралды-3448
АХМЕТ ХАН

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.
ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.
АЛМА СІЛІКПЕСІ

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.
КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіре