ШАҚЫЛДАҚ
Категориясы: Тағам
Сүт, жұмыртқа, май, ұн, құм шекер араластырылып, тұз салынады да тұщы қамыр иленеді.
Қамыр ұзын етіп созылады. Оның жуандығы 3 сантиметр болу керек. Содан соң кішкене көпшік сияқты етіп кесіледі де, қатты қыздырылған майға салынып түсі қоңыр тартқанша қуырылады.
Дайын болған шақылдақ салқындатылып, үстіне қант ұлпасы себіледі. Дайын тағам шаймен немесе сүтпен қосып беріледі.
Шақылдақ жасауға 4 стакан сүт, 1 жұмыртқа, 3 ас қасық құм шекер, жарты шай қасық тұз, 1,5 стакан өсімдік майы, осынша ұн жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-03 17:27:58 Қаралды-3838
АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей
БҰЛАН

Бұлан (бұғы) - мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.
МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ

1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды. Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Негізгі мақсаты - ормандарды, өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып, онда өмір сүретін терісі бағалы жануарлард
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О
ТҮРКІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Түркілердің пайда болуы туралы айтылатын генеалогиялық аңыз қытай жылнамасында келтірілген. Бұл аңыз Римнің негізін салатын Ромул мен Ремнің Қапитолии қасқырын еміп күн көретіні сияқты әңгімені көлденең тартады.
ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.