ШЕЛПЕК НАНЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.
Қант ұлпасына немесе құм шекерге жұмыртқа қосылып, мұқият шайқалады. Оған тортасынан айрылған сарымай, сода, сірке қосып қайтадан шайқалады да, еленген ұн, қуырылып ұнталған жаңғақ салынып қамыр иленеді. Ол 233 грамнан бөлініп, шелпек формасына келтіріледі. Содан соң оған жұмыртқа льезоны (4:1 қатынаста суға езілген жұмыртқамен) жағылып температурасы 180-190 градус духовкаға 20-25 минут бойы пісіріледі. Дайын болған-болмағаны ағаш шанышқымен түйреп байқалады. Егер нан оған жабыспайтын болса, піскен деп білу керек.
Оны жасауға 240 грамм жұмыртқа, 200 грамм қант ұлпасы немесе құм шекер, 0,6 грамм сода, 0,4 грамм 3 проценттік сірке суы, 1,0 килограмм ұн және 140 грамм қуырылған, жарылып, ұнтақталған жаңғақ дәні жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-03 10:26:54 Қаралды-4541
ТАСТАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

Күнделікті өмірде біз кез келген өте қатты табиғи материалды тас деп атаймыз, мысалы, тастың бір бөлігі.
ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.
САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН

Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.
ҚАРАТОРҒАЙ

Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған. Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады.