ТЕЙГЛАХ
Категориясы: Тағам
Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.
Қамыр илеу процесі әдеттегідей. Қамырдың ылғалдылығы 27-30 процент болады. Диаметрін 7-10 милиметрден асырмай созылған қамыр ұзындығы 10-12 миллиметр болатындай етіліп кесіліп барып пісіріледі. Содан соң ол бал-қант сірнесіне салынып қайнатылады да, 30-40 миллиметр қалыңдықта жайылады. Үстіне ұнталған бадам себіліп, жан-жағы 50-60 миллиметрден келетіндей етіліп қиғаш төрт бұрыштап кесіледі. Содан соң астаушаларға салынып, сауда орындарына жөнелтіледі.
Бір килограллын жасау үшін 558,6 грамм жоғары сортты ұн, 304,7 грамм жұмыртқаның сары уызы, 177,8 грамм қант, 12,7 грамм сарымай, 1,8 грамм көмір қышқыл аммоний, 228,5 грамм бал және 20,3 грамм бадам жұмсалады.
Тейглахтың ылғалдылығы 8,5 процент, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 7 күн.
Жарияланған-2016-03-02 16:01:56 Қаралды-1772
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар
ҒАРЫШҚА НЕ ҮШІН ҰШАДЫ ?

Жерден қарағанда жұлдыздар онша анық көрінбейді, өйткені бізге ауа кедергі келтіреді. Ал ауада үнемі шаң-тозаң, су тамшылары, түтін тұнып тұрады.