ЦУКЕРЛЕКАХ ПЕЧЕНЬЕСІ
Категориясы: Тағам
Бұл бөлке жасалатын қамырдан пісірілген дөңгелек қуырма.
Қант пен жұмыртқаны шайқай отырып дайындалған массаға, 35-40 градусқа дейін қыздыра отырып, ұн және анис қосылып, қамырдың ылғалдылығы 22-25 процентке дейін жеткізіледі. Қамыр шығаратын тесігінің диаметрі 5-6 миллиметр келетін конус қондырмамен формаға келтіріледі. Піскеннен кейін қуырма салқындатылады да астаушаларға салынады.
Бір килограмм цукерлеках дайындауға 477,7 грамм жоғары сортты ұн, 523,3 грамм қант, 273,0 грамм жұмыртқа, 4,5 грамм анис және 4,5 грамм сарымай жұмсалады.
Цукерлекахтың бір килограмында 85 данасы болады, ылғалдылығы 5 процент, ең ұзақ сақталатын мерзімі 12 күн.
Жарияланған-2016-03-02 15:48:02 Қаралды-1841
АЛТАЙ АЙМАҒЫ

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ҚАРТОП

2008 жылы ливандық фермер Халил Семхат өз бақшасынан алыл картоп қазып алды. Оның салмағы 11 (он бір) килограмнан асқан. Оны қазып алудың өзі оңайға соқпаған.
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қытайды Батыстан Орта Азия таулары мен шөлдер ұзақ уақыт бөліп тұрған.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.