UF

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

Категориясы: Тағам


Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

Бұл тағам қамырды ашытпай жасалады. Температурасы 28-30 градус азғана суға ашытқы салып ерітіледі, содан соң ол тұзбен, ерітілген маймен, ұнмен біркелкі масса болғанша араластырылады.

Иленген қамырдың температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы 30-35 процент болу керек. Дайын болғаннан кейін 35-40 минут өткен соң қамырды бөле беруге болады.

Бұл процеспен бір мезгілде ішіне салынатын заттар да дайындалады. 8-10 градусқа дейін салқындатылып, езілген майға қант ұлпасы қосылып мұқият араластырылады, содан кейін ұн қосылады. Соның бәрі біркелкі үгілгіш масса болғанша араластырылады.

Дайын қамыр 4-5 килограмнан бөлінеді де үстіне ұн себіліп, 4-5 миллиметр қалыңдықта жайылады, еріген май жағылып, рулет секілді оралады да 200 грамнан бөлінеді. Ол бөліктердің әрқайсысы бұранда сияқты бұралып, үстінен төмен қарай жапырылады да дөңгелек нан сияқты етіп жайылады. Оның үстіне ішіне салатын заттан 175 грамм салынып, шеттері қосылады да тағы да 1,5-2 сантиметр қалыңдықта жайылады. Содан кейін алдын-ала маймен майланған табақшаларға салынып, жұмыртқаның сары уызы жағылады, сөйтіп температурасы 200-220 градусқа жеткізілген пешке 25-30 минут бойы пісіріледі. Салқындаған тағам түбіне қағаз төселген астаушаларға қырынан салынады.

Бір килограмм ереван кятасын жасауға 411,7 грамм жоғары сортты ун, ішіне салатын затқа кететін 244,0 грамм ұн (жоғары сортты), ішіне салатын 125,0 грамм қант улпасы. 122,0 грамм ерітілген сарымай, ішіне салатын затқа кететін 91,5 грамм ерітілген сарымай, арасына жағатын 30,4 грамм ерітілген сарымай, 1,5 грамм ашытқы, сыртына жағатын 15,2 грамм жұмыртқаның сары уызы және 1,5 грамм туз жұмсалады.

Шай дастарқанына таптырмайтын тағам. Балалар да сүйсініп жейді.

Дайын тағам - арасына тәттілер салынып қабатталған дөңгелек нан.

Түсі сап-сары болады. Беті жылтырап тұрады. Дәмі сол тағамның өзіне ғана тән. Ылғалдылығы 11-13 процент.

  Жарияланған-2016-03-02 12:53:29     Қаралды-2063

Мәлімет сізге көмек берді ма

САБЫН НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

...

Сабынның жуу қасиеті оның молекулаларының құрылымымен анықталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЗДЫГҮНІ ШҰБАР, АЛ ҚЫСҚА ҚАРАЙ АППАҚ

...

Аңдардың бірі жауынан ағаш қуысына, екіншісі қар астына, үшінші біреулері індеріне жасырынып құтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҚТАУ

...

Суретші кенепке (холст) сурет салу үшін, ол теп-тегіс боп керіліп жату керек. Ол үшін жақтау жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ

...

Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА ТЕҢІЗДІҢ СУЫ ШЫНЫНДА ДА, ҚАРА МА?

...

Кез келген ертегі немесе ән атаулыда теңіз кездессе, міндетті түрде - «көк теңіз» болып келетіні өзіңе мәлім болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »