БАКУ КУРАБЬЕСІ
Категориясы: Тағам
Бұл – үгітілген құырма сияқты тағам.
Оны жасау үшін сарымай, қант ұлпасы қосылып езіледі, үстіне белок қосылып араластырылады да ұн салынады. Содан соң қамыр сұйық, жұққыш масса алынғанша иленеді. Баку курабьесін жасау үшін клейковинасының мөлшері 30 процентке дейін жететін ұн пайдаланған дұрыс. Қамырдың илеп болғаннан кейінгі температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы 13,5-15 процент болу керек. Иленгең қамыр құрғатылып сүртілген қаңылтыр табақтарға әр түрлі формаға келтіріліп салынады. Олардың әрқайсысының салмағы 25-28 грамм тартуға тиіс. Бұл үшін арнайы машина немесе жіңішке ұшына тісті түтік қойылған (оның тесігінің диаметрі 15-20 миллиметр болады), конус сияқты етіп қатты матадан жасалған сыққыш қолданылады. Түймедағы гүлінің формасындай етіліп салынған қамырдың ортасына өрік немесе алма пюресі тамызылады. Ол қазанға бірдей мөлшерде алынған өрік немесе алма пюресі мен құм шекер салынып, температурасын 105 градусқа жеткізіп, 30 минут бойы, яғни ылғалдылығы 25-26 процентке дейін азайғанша қайнату жолымен жасалады.
Бір құырманың ішіне сондай 2,5-3,5 грамм пюре кетеді.
Баку курабьесі температурасы 250-270 градусқа жеткен пешке қойылып, 9-11 минут бойы пісіріледі. Салқындатылған курабьелер қағаз төселген астаушаларға 3-4 қатар етіліп (қатар аралықтарына да қағаз төселеді) салынады.
Баку курабьесі формасының әр түрлі, яғни түймедағы, таяқшалар, т.с.с. болуы мүмкін. Күңгірт сары түсті, үгітіледі. Түймедағының ортасына үстіңгі жағынан алма немесе өрік пюресі тамызылуы керек. Ылғалдылығы – 5-7 процент.
Шикізат әркімнің қалауынша алынады.
Жарияланған-2016-03-01 19:35:53 Қаралды-2367
ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.
КҮРЕС ӨНЕРІ ТАРИХЫНАН

Күш атасы атанған балуандык өнер - спорт сүйер қауымның ең қадірлісі десек, қателеспейміз.
ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР

Кавказ жағалауы елдерінде. Ортатык Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көптеп колданылады.
ҚАУЫНҚАҚ

Еті тығыз, құрамында қанты көп қауынның қабығы аршылып, дәні алынып тасталынады да жұқалап тіліктерге тілінеді. Олар таза шыптаның үстіне бір-біріне тигізбей салынып, кептіріледі.
СУПЕРҚАП ДЕГЕН НЕ?

Біздің алдымызда кітап жатыр. Ең алдымен оның мұқабасы көзімізге түседі. Оның қатты да, жұмсақ та болуы мүмкін. Жұмсақ мұқаба жәй қағаздан жасалады.