ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР
Категориясы: Тағам
Бұл - арасына жаңғақ салынған тоқаш қамырынан жасалған тағам.
Қамыр дайындау үшін сарымай мен қаймақ 8-10 градусқа дейін салқындатылады. Бұдан соң май 2-3 минуттай ерітіліп, жақсылап қолмен сығымдалады да қаймақпен араластырылады. Дайын болған массаға ұн араластырылып, қамыр иленеді. Қамырдың илеп болғандағы температурасы 12-15 градус, ылғалдылығы 26-28 процент болуы керек. Оның ішіне салатын заттар былайша әзірленеді. Жармаланған грек жаңғағы микс-машинада құм шекермен және балмен (бал тек сұйық күйінде ғана алынады) араластырылады да содан соң дәм қабық қосып, бәрін әбден араластыра отырып иленеді. Ішіне салатын заттардың ылғалдылығы 8-11 процент болуға тиіс. Дайын болған қамырдың әрбір бөлігінің салмағы 40 грамнан келетіндей етіліп бөлінеді. Әр бөлік бір жағы жалпақтау, екінші жағы жіңішкелеу етіліп жайылады. Қамырдың жалпақтау жағына ішіне салатын заттардың 30 грамы салынып, түтікше сияқты етіп оралады. Түтікшеге жұмыртқаның сары уызы жағылып, маймен майланған қаңылтыр табақшаларға салынып, температурасы 200-230 градус пеште 25-35 минут бойы пісіріледі.
Піскеннен кейін салқындатылады. Салқындаған түтікшелер қағаз төселген астаушаларға салынады.
Бір килограмм түтікшеге 431,9 грамм жоғары сортты ұн, 196,3 грамм қаймақ, 123,7 грамм сарымай, 196,3 грамм грек жаңғағының дәні, 157,1 грамм құм шекер, 39,3 грамм бал, 2,4 грамм дәм қабық және жағу үшін 39,3 грамм жұмыртқаның сары уызы жұмсалады.
Түтікшенің формасы өз атына сай, ішінде міндетті түрде грек жаңғағы бар, екі ұшы жабық, сырты жылтыр, күңгірт сары түсті, дәмі осы тағамның өзіне тән болуға, дәм қабық иісі шығып тұруға тиіс. Ылғалдылығы - 9 процент.
Жарияланған-2016-03-01 15:34:10 Қаралды-3171
ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ

Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.
КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ

Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.
ҚЫРҒИ

Қырғи - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оның түр-түсі де қаршығаға мейлінше ұқсас. Қырғидың дене тұрқы - 30-43 см, қанатын жайғандағы ұзындығы - 18-26 см, салмағы 120- 280 г. Ұябасары шәулісіне қарағанда кесектеу.
БАЛСЫЗ КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

Бұл - күнбағыс дәнінен жасалатын төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам. Бадамнан жасалатын кәзинек схемасы бойынша дайындалады. Бұйым тығыз жабылатын қақпағы бар қаңылтыр қораптарға салынады.
ӘСІП ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Әсіп дайындау үшін қойдың ішегі бірнеше рет жылы су жүгіртіліп тазартылады. Ақырында тұзды су жүгіртіледі.