КҮНЖІТ НУГАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - шайқалған кәмпит массасына күнжіт қосылған тағам.
Күнжіт дәні алдымен бөгде қоспаларынан мұқият тазаланады. Қант-сірне шырынына белок қосып шайқап, үстіне күнжіт дәні себіледі. Дайын болған масса алдын ала сарымаймен майланып қойылған столдың үстіне төгіліп салқындатылады, содан соң ол әрбір бөлегі 2-3 килограмнан келетіндей етіліп бөлінеді де диаметрі 25-30 миллиметрдей етіліп, аздап қуырылған күнжіт дәнінің үстіне батон сияқты немесе төрт бұрышты жолақ етіп жайылады. Содан соң оларды дөңгелектеп, төрт бұрыштап кесу керек. Олардың әрқайсысының салмағы 35-40 грамнан келуге тиіс.
Салқындаған соң тағам алдын-ала қағаз төселіп қойылған кондитер астаушаларына салынады.
Бір килограмм күнжіт нугасын жасауға 447,8 грамм құм шекер, 268,7 грамм сірне, массаға салатын 304,5 грамм қуырылған күнжіт дәні, 35,8 грамм үстіне себетін қуырылған күнжіт дәні, 40,3 грамм белок, 0,2 грамм ванилин және столды майлауға кететін 1,6 грамм сарымай жұмсалады.
Тағамның түсі ақ, дөңгелек, төрт бұрышты немесе таяқша формалы, арасынан қуырылған күнжіт дәндері көрініп тұрады. Бетіне де күнжіт дәні себілген. Дәмі қуырылған күнжіт дәнінің дәміндей. Ылғалдылығы - 5,5-7,5 процент.
Жарияланған-2016-03-01 11:55:30 Қаралды-4228
АППОЛОННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

Ауыр салмақты тастарды көтеру арқылы жарысушы спортшыларды халық «Аппалонның ізбасарлары» деп те атаған.
600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.
КІЛЕГЕЙ ҚОСЫЛҒАМ КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазарты лып, жуылады. Сөйтіп әуелі суға салып шала, содан соң сүт қосып, әбден пісіріледі.
КОМЕТА

КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі.
ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.