ОДАҢ ОЙЛАСЫ
Категориясы: Тағам
Шайқалған кәмпит массасынан тұратын тағам осылай деп аталады.
Ойланы әсемдеуге арналған шикізат арнайы өңдеуден өткізіледі, яғни жүзім іріктеледі, жуылады, кептіріледі, цукаттар өн бойына тілінеді, қара алхоры қайнаған сумен шарпылады, сүйектерінен арылтылады және шағын қазанға салынып, қант шырыны қосылып қайнатылады. Қара алхорыны қайнатып алатын қант шырыны үшін 3 килограмм құм шекер, 0,3 килограмм қант шырыны және 0,62 килограмм су (бір қайнату үшін) керек. Қара алхоры ыстық шырынға салынып, араластырылады да металл сүзекімен сүзіп алынады. Қалған қант шырыны массаны қайнату үшін пайдаланылады.
Қант шырыны мен сірнеден тұратын шырын температурасы 115-125 градусқа жеткенше және карамель массасына жақындағанша қайнатылады.
Шырынды қайнатумен бір мезгілде жұмыртқаның ақ уызы шайқалады яғни жұмыртқаның аң уызы қосылған қант-сірне шырыны ахали-алва жасағандай дайындалады. Шайқау аяқталар алдында массаға эссенция және массаның біраз бөлігіне (1/3) сары бояу ерітіндісі қосылады.
Дайын масса алдын ала ұн себіліп қойылған столға салынып, салқындатылады. Содан соң оны бөлу процесі басталады. Массаның 400 грамнан келетін әр бөлегі шұңғыл металл формаларға салынады. Форманың түбіне алдын ала қағаз төселеді және ңара алхорымен, цукатпен, жүзіммен әсемделеді. Сонда төменгі қабаты ақ, ортасындағысы сары, жоғарыдағы қабаты тағы да ақ болып шығады.
Салқындатылған тағам формадан алынады да, қағазынан босатылып, қағаз төселген астаушаларға салынады.
Бір килограмм ойла жасауға 614,8 грамм құм шекер, 318,5 грамм сірне, 33,8 грамм жұмыртқаның ақ уызы, 9,6 грамм жүзім, 19,3 грамм жоғары сортты ұн, 0,02 грамм сары бояу, 1,9 грамм лимон эссенциясы, 30,9 грамм қара алхоры және 33,8 грамм цукат жұмсалады.
Одаң ойласы төрт бұрышты болады. Үш қабат ұсақ кристалды заттардан тұрады. Беті қара алхорымен, жүзіммен және цукатпен әсемделеді. Ылғалдылығы – 8-10 процент.
Жарияланған-2016-03-01 11:47:20 Қаралды-2210
СҰҢҚАР

Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне
ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.
ДИУАНИ ХИКМЕТ

«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») - Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) жыр еткен әдеби шығармасы. Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жыл
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТАРИХЫНАН

Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар.