ЖҮЗІМ ОЙЛАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - қайнатылған жеміс массасы мен жаңғақтан дайындалып, бадаммен және грек жаңғағымен әсемделген тағам.
Үккіштен өткізген жүзім массасын және өрік сүйегінің дәнін қант-сірне шырынымен қосып қайнатып жасалады. Сыртын әсемдеуге арналған бадамның қабығы аршылады.
6-7 килограмнан жәшікке салып, формаға келтіріледі. Ойла салқындағаннан кейін бүйір жақтарына өрік сүйегінің ұнталған дәні себіледі. Содан соң қайтадан жәшікке салынады.
Бір килограмм тағам жасауға 411,2 грамм қант, 41,1 грамм сірне, 411,2 грамм жүзім, 12,3 грамм грек жаңғағы, 24,7 грамм бадам, 143,9 грамм өрік сүйегінің дәндері және 2,1 грамм лимон қышқылы жұмсалады.
Жүзім ойласының ылғалдылығы – 10-11 процент, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 2 ай.
Жәшіктен алынған ойланың формасы төрт қырлы, ұзындығы 340, ені 240 және қалыңдығы 70 миллиметр кесек болып келеді.
Інжір ойласы да, жүзім ойласы да қоңыр түсті, ішіне өрік сүйегі тығылған, созылыңқы былқылдақ тағам. Ол, міне осы талаптарға сай келу керек.
Дайын тағамдар құрғақ, желдетіліп тұратын, температурасы 16-18 градус және ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде сақталуы тиіс. Сонда ол 2-2,5 ай бойы бұзылмайды.
Егер тағамды өте ылғалды орында сақтаса, ол дымқыл тартып, сапасы да, дәмі де, сыртқы формасы да нашарлап кетеді. Ал егер тым ыстық жерде сақтаса, тағам құрғап, кеуіп қалады. Соның салдарынан тығыздығы артады. Бұл да оның сапасына қатты нұсқан келтіреді.
Жарияланған-2016-03-01 11:42:43 Қаралды-2639
8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...
ҚЫРҒИ

Қырғи - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оның түр-түсі де қаршығаға мейлінше ұқсас. Қырғидың дене тұрқы - 30-43 см, қанатын жайғандағы ұзындығы - 18-26 см, салмағы 120- 280 г. Ұябасары шәулісіне қарағанда кесектеу.
ИМРЕССИОНИСТЕР

Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен таққа Тәукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылығымен, батырлығымен, ақылдылығы жән
Ірімшіктен жасалған ай

Мүмкін, Ай тек балалардың елестетуінде ғана үлкен, домалақ ірімшіктің түйірі сияқты пайда болуы мүмкін.