ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.
Өрік және алма пюресі қант пен сірнеге қосылып қайнатылады да лимон қышқылымен қышқылдандырылады. Бұл да қант чурчхеласы сияқты етіп дайындалады.
Бір килограмм чурчхелаға 539,9 грамм қант, 121,6 грамм сірне, 165,4 грамм өрік пюресі, 218,9 грамм алма пюресі, 194,5 грамм грек жаңғағы, 0,49 грамм лимон қышқылы және 48,6 грамм жоғары сортты ұн жұмсалады.
Жеміс чурчхеласының бір килограмында кемінде 30 данасы болады. Ылғалдылығы - 14 процент, ыдысқа салғандағы салмағы - 4 килограмм. Ең ұзақ сақтау мерзімі - 20 күн.
Жарияланған-2016-02-29 17:25:41 Қаралды-2093
АХМЕТ ХАН

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.
ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.
АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.
ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ

Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т