ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ
Категориясы: Тағам
Жүзім немесе курага мен бадам салынып, бұлғанған кәмпит массасы, яғни белокпен шайқалған қант-сірне шырыны осылай аталады. Өлшенетін етіп шығарылады.
Лимон және мандарин нугасын дайындау әдісі бірдей. Қандай заттар салып, қандай түске боялатынына қарай ғана айырмашылығы бар. Қант-сірне шырыны 115-125 градусқа дейін қайнатылады. Белок қосылған қант-сірне де ахали-алва дайындағандай етіп жасалады. Бұлғанған массаға бояу, эссенция, бадам, жұқалап кесілген курага немесе жүзім қосып, бәрі мұқият араластырылады. Дайын массаны салқындату үшін ол арнаулы столға жайылады. Оған алдын ала бидай ұны себіліп қойылады. Содан соң ол салмағы шамамен 2-3 килограмм болатындай етіліп бөлінеді де, аздап ұнға аунатып алынады. Бұдан кейін қалыңдығы 20-25 миллиметр етіліп жайылады. Сол жұқа қабаттың ұзына бойына бұдыры бар оқтаумен ойықтар салынады. Қабаттар кептірілгеннен кейін ені 40-45 миллиметрдей жолақтарға бөлінеді немесе қалыңдығы 10-13 миллиметр, ені 35 х 35 мм етілігі тілінеді. Кесілген нуга үстіне қағаз төселген қаңылтыр табақтарға салынады да кептіріп қойылады. Нуга осы қаңылтырдан қағаз төселген астаушаларға салып оралады.
Бір килограмм нугаға 554,7 грамм қант, 277,3 грамм сірне, 32,4 грамм белок, 69,3 грамм курага немесе жүзім, 92,4 грамм бадам, 0,35 грамм лимон майы, 0,2 грамм сафлор және 46,2 грамм ұн жұмсалады.
Мұның бір килограмында кемінде алпыс данасы болады. Ылғалдылығы - 9 процент, ыдысқа салғандағы салмағы - 5 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - бір ай.
Мандарин нугасына мандарин эссенциясын қосып хош иісі шығарылады және ол сұйылтылған карминмен боялады.
Жарияланған-2016-02-29 14:53:58 Қаралды-2323
ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.
Ертеде мотоциклистер жолаушылармен өте сирек қарым-қатынас жасаушы еді

Мотоциклистердің үнемі бір қиыншылықтары болатын еді – егер екі адам бірдей мотоциклде отырса олар бір-бірімен сөйлесе алмайтын еді. Бақытына орай, қазірде бұл мәселе шешілуде.
ИІССУ ҚОЛДАНА БІЛІҢІЗ

Сіздің сүйікті духиіңіз хош иісін барынша ұзағырақ сақтауы үшін не істеу керек?
КҮНЖІТ АЛУАСЫ

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.