ШЫҒЫС АЛУАСЫ
Категориясы: Тағам
Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады. Басқа үлкен ыдысқа немесе тереңдеу кастрюльге сарымай мен қант салынып, қант әбден ерігенше қайнатылады. Содан кейін қуырылған ұн үстіне салынып, жақсылап араластырылады. Дайын болған масса қалыңдығы 5-6 сантиметрдей етіліп ыдысқа тегістеп салынады да нығыздалады. Үстін пышақпен немесе шанышқымен бедерлеп, салқындатылады. Суығаннан кейін шаршы етіп кесіп (шамамен 4 х 4 см), дастарқанға әкеле беруге болады.
Бір килограмм шығыс алуасын жасау үшін екі стакан ұн, екі стакан тортасы айырылған сарымай, 3/4 стакан құмшекер, бір шымшым ванилин жұмсалады.
Жарияланған-2016-02-29 14:15:37 Қаралды-2566
АЛТАЙ

Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері - Мұзтау (Белуха) шыңы. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарағай, майқара
АРПА - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

Арпа – биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл.
БАРЫС

Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, ке
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.
САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.