UF

ҚОС АЛУА

Категориясы: Тағам


Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.

Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда ондағы шикізат мөлшері рецептен аспауы керек.

Грек жаңғағы қос алуа үшін ерекше шикізат болып табылады. Сондықтан ол ешқандай жаңғақтармен алмастыруға келмейді.

Шырын қайнату үшін сыйымдылығы шағын мыс қазанға қант салынып, аздап су құйылады. Ол қайнағанша қыздырылады да, сірне қосылып, карамель массасындай болғанша немесе шырынның ылғалдылығы 2 процентке жеткенше 33-40 минут бойы қайнатылады.

Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда оның ақырғы температурасы 135-145 градусқа дейін жетеді. Дайын шырын оттан алынып, оның үштен бірі құйылып алынады да 80-90 градусқа дейін салқындатылады.

Белокты шырын бір мезгілде әрі қайнатып, әрі шайқайтын машинамен, егер ол жоқ болса, қолмен шағын ыдысқа салынып, қалақпен көбік түзілгенше шайқалады.

Қос алуа массасы былай әзірленеді. Көпіршітілген белокқа салқындатылған шырынның үштен бірі жіңішкелеп құйылады. Бұл кезде белок шайқау тоқтатылмайды. Оны солай шайқай отырып, шырынның қалғаны құйылады да 8-10 минут бойы тағы да шайқалады.

Шайқап болғаннан кейін массаға грек жаңғағының тұтас дәндері қосылады да бәрі мұқият араластырылып, дайын масса алдын ала маймен майланып қойылған қаңылтыр қораптарға әрқайсысының салмағы 5-6 килограмм болатындай етіліп құйылады.

Дайын тағамның беті грек жаңғағының сынбаған жарты дәндерімен әсемделеді. Одан әрі салқындатылғаннан кейін тағам қатайып, сынатын дәрежеге дейін жетеді.

Қорапқа салынған қос алуа әбден салқындап қатайып болған соң қораптардың қақпақтары жабылып, ішіне ауа кірмейтіндей етіліп қағазбен желімдеп тасталады.

Бір килограмм қос алуа жасауға 537,8 грамм қант, 322,3 сірне, 59,2 белок, 215,1 грек жаңғағы, 5,8 сарымай, 0,27 ванилин жұмсалады.

Бұл тағамның қоюлығы біркелкі, арасына грек жаңғағының дәндері салынған, түсі ақ, ылғалдылығы 4-5 процент болу керек.

Қос алуа температурасы 16-20 градус, ауасының салыстырмалы     ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда әбден бабына келген қос алуа 10-15 тәулік жақсы сақталады. Температурасы төмен, ылғал жерде сақтағанда ол дымқыл тартып, жабысқақ болады, сөйтіп сапасына едәуір нұқсан келеді.

  Жарияланған-2016-02-29 13:52:08     Қаралды-2282

Мәлімет сізге көмек берді ма

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

...

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУРЫЗ – КӨНЕ МЕЙРАМ

...

Бұл айда көшпелі елдің уміті мен күдігі кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан қиналып шыққан малдың бір борандық халі бар, оның өзін көтере алмауы кәдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛГЕБРА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

...

Алгебра ғылым ретінде – бөлімдер мен ұғымдардың пайда болу тарихы, жіктелуі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»

...

Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ

...

Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

...

СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »