БАДАМ ҚАНТ
Категориясы: Тағам
Тазартылған тұтас бадамнан тұратын, сырты балқыған қантпен қапталған тағам. Беті бұжыр, түсі қоңыр болады.
Бөгде қоспаларынан тазартылған бадам қант шырынына салып қайнатылады. Қант бадамның сыртына кристалданып жұғады, сондықтан қазанға ауық-ауық аз-аздан қайтадан қант салып отыру керек. 20-25 минуттан соң бадам қазаннан алынып, рецепт бойынша қалған қантпен аздаған су құйылады. Содан соң бадам қайтадан қазанға салынады. Сонда ол екінші рет балқыған қантқа оралады. Мұндай процесс кезінде бадамның массасы шамамен екі есе ауырлайды. Бұл тағам да қаңылтыр қораптарға салынады.
Қант қосып қуырылған жаңғақ та, қант қосып қуырылған жер жаңғақ та, қант қосып қуырылған өрік дәні де осы жолмен дайындалады. Оларда тек бадам ғана тиісті жемістің қажетті мөлшерімен алмастырылады.
Бұл тағамның бір килограмына 527,6 грамм қант, 527,6 грамм бадам, майлау үшін 3,96 грамм сарымай, 0,11 грамм ванилин жұмсалады.
Бадам-қанттың бір килограмында кемінде 550 данасы болады. Ылғалдылығы - 5 процент, қорапқа салғандағы массасы - 1,5 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 15 күн.
Жарияланған-2016-02-23 14:36:04 Қаралды-2501
АЛМА ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылады, жуылады. Әуелі суға салынып шала, содан соң сүт құйылып әбден пісіріледі, үстіне май салынады.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.
ТУДЫ ҚАСТЕРЛЕУ

Сап түзеп тұрған қалың әскердің алдына ту сән-салтанатпен әкелінген. Керней- сырнайлар тартылып, барабан, дабыл соғылып, бас колбасшы туға қымыз бүріккен. Қымыз - ежелден келе жатқан көшпелілердің сусыны. «Туға қарап қымыз бүрку» көшпелілердің ат жалын та
ШАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АЙҒАҚТАР!

Шайдың шаршап шалдыққанда көңіл көтеріп, өсіресе, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатынын және денені сергітіп, рахатқа бөлейтінін білеміз.