UF

ПАШМАҚ

Категориясы: Тағам


Бұл - әбден қайнатылған карамель массасынан жіп-жіңішке жіп сияқты етіп созылып жасалған, бір-бірінен оңай ажырайтын тағам. Түсі - ақ.

Карамель массасын қайнатпастан бұрын арнайы, майы деп аталатын массаны дайындап алу ұсынылады. Ол сарымай мен ұннан жасалады. Қазанға сарымай салынып қайнағанша қыздырылады да ұн себіліп, ұдайы араластырылып отырылады. Масса ылғалы әбден кеткенше, шамамен 15-20 минут қайнатылады. Түбі күйіп кетпес үшін оны үнемі араластырып отырған дұрыс. Пісірілген масса ылғалдылығы 3,5-4 проценттен аспауы тиіс.

Дайындалған май температурасы 70-80 градус кезінде (салқындап қалған болса, қыздырып) пайдаланылады.

Карамель массасы сірнесіз әзірленеді. Қайнатудың ортасында қосылатын сірке эссенциясының әсерінен қант ішінара инверсияға ұшырап (ажырап) отыратын болғандықтан, сөйтіп инвертті қант түзілетіндіктен карамель массасы қантқа айналмайды. Азғана суға қант (құмшекер) ерітіліп, 10 минут қайнатылады да содан соң сірке эссенциясы қосылады, ол масса тағы да 10-12 минут қайнатылады. Одан әрі ылғалдылығы 1,5-1,7 процент карамель алынғанша қайнатыла береді. Бастап қайнатқанда температура 100-105 градус, соңында 135-145 градус болуы керек.

Дайын болған карамель массасын арнайы столға жайып, 80-90 градусқа дейін салқындатылады, машинамен немесе қолмен ақ жібектей «жіп» болғанша созылады. «Жіптер» бір-бірімен жабысып қалмас үшін ұн қосылған май жағылады. Оларды бөліп-бөліп сілкеді. Сонда жіптей тартылмай қалған карамель массасы болмауы тиіс.

Бөлінген жіптер жалпақ қаңылтыр қораптарға (мөлшері 350х200х70 мм) салынады. Олардың қақпақтары тығыз жабылуы керек. Қораптарға салынған дайын өнімнің бетін ауыр да тегіс затпен басып тегістеп, қақпағы жабылады да, ішіне ауа кірмейтіндей етіп қағазбен желімдеп тасталады. Қорапқа 1 килограмм пашмақ кетеді.

Бір килограмм пашмаққа 916,0 грамм қант, 2,9 грамм сірке эссенциясы, 66 грамм сарымай, 66 грамм жоғары сортты бидай ұны жұмсалады.

Пашмақтың ылғалдылығы 2,5 процент, массасы - 1 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 15 күн.

  Жарияланған-2016-02-22 18:40:17     Қаралды-1825

Мәлімет сізге көмек берді ма

САБУНИ АЛУАСЫ

...

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРШЫҒА

...

Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

...

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚҚАЛАҚ

...

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАСКЕТБОЛ ТАРИХЫНАН

...

Баскетбол алыптар ойыны - ден те атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

...

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »