ПАРВАРДА
Категориясы: Тағам
Ұн сеуіп жасалған карамель сияқты тәтті тағам. Таразыға салып өлшеуге ыңғайлы етіп шығарылады.
Қазанға құмшекер салып және су (қанттың 30-40 проценті мөлшерінде) қуйып қайнатылып, отта 8-10 минут бойы ұстап, лимон қышқылы, ұн қосылады да, ылғалдылығы 3-3,5 процентке жеткенше қайтадан қыздырылады. Сонда оның сыртқы түрі жібектей жылтырайды, мортылдақ келеді. Температурасы 70-80 градусқа дейін салқындатылғаннан кейін ол әбден ағарғанша машинамен немесе қолмен созылады. Үйде дайындалғанда массаны лента тәріздендіріп созып, 2-3 қабат етіп салынады. Осылай созып, қабат-қабат етіп салу операциясы шамамен отыз ретке дейін қайталанады.
Бір килограмм парварда жасау үшін 1000 грамм құмшекер, 30 грамм бірінші сортты бидай ұны, 1,5 ас қасық өсімдік майы, 0,5 грамм лимон қышқылы алынады.
Жарияланған-2016-02-22 17:34:13 Қаралды-3782
Жапон көпірі

Көпірлер әртүрлі болады: төмен, биік, ұзын, қысқа, ажырайтын, аспалы. Бірақ, Жапонияда орналасқан Ешима Охаши көпіріне қарап, шын мәнісінде осындай нәрсенің бар екендігіне сену өте қиын және оны тұрғындар белсенді түрде қолдануда.
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.
КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС

Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.
ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Шексіз кеңістік кейде тіпті қорқынышты болса да, зерттелмеген және әдемі құбылыс.
Жержаңғақ динамиттің ингредиенті болып табылады

Сіздер динамиттің жержаңғақтың көмегімен жасауға болатындығын білдіңіздер ма?