ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Категориясы: Соғыс
Эпизоотиялық жағдай - жасақтар мен халықтың іс-қимылына әсер ететін жануарлардың жұқпалы ауруларының (топалаң, маңқа, аусыл) белгілі бір ортада болуы, таралу сипаты мен дәрежесі. Эпизоотикалық жағдай жұқпалы аурулардың таралу көздері мен жолдарына, табиғи жағдайларға, сондай-ақ мал дәрігерлік қызмет көрсетудің жай-күйіне және халықтың мал дәрігерлік-санитарлық мәдениетіне байланысты. Жасақтардың, халықтың орналасу және әрекет ету аудандарында жұқпалы аурулар тараған кезде қатаң шектеу және карантин шараларын жүргізеді. Дұшпанның жаппай зақымдаушы қаруды қолдануы зақымдану зоналарындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларды кұрт нашарлатуы мүмкін, халық пен жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болып, тарауына себепші болады, сөйтіп эпизоотикалық жағдайды нашарлата түседі. Мұның бәрі мал дәрігерлік қамтамасыз етуді, адамдар мен жануарлар арасында санитарлық-гигиеналық және сауықтыру шараларын ұйымдастырған кезде, сондай-ақ құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген кезде ескеріледі.
Жарияланған-2016-02-20 21:27:07 Қаралды-6799
ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.
ТАМИМ ИБН БАХР

IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс және Орталық Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі Тараз қаласы
ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ

Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие.
СҮТТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Әлемде ен көп жасайтын елдердің ішінде тау халыктарының жүз жастан асқан адамдарының ғұмырының ұзақ болу себебін зерттей келгенде олардың негізгі тағамадары әркашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдері екені анықталған.
ГОТИКА – ГОТТАРДЫҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН

ПАРИЖДІҢ қақ ортасында ауыз аштырып, көз жұмғызатын көркем ғимарат тұр. Көкке самғаған асқақ мұнаралар; қабырғадағы ойықтарда - мәрмәр мүсіндер; шатырдын, бұрыш-бұрышына химера деп аталатын құбыжықтар бейнеленген.