БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?
Категориясы: Адамдар
Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары болды ма? - деген заңды сұрақ туатыны анық.
Алматыны жасыл желекпен көріктендіруге улес қосқан Алаш азаматының бірі - Дуйсенбі Жарқынбаев екенін көпшілік біле бермейді. Оның есімінің аталмауына сол кездегі сурқия саясаттың әсері болғаны да ақиқат.
Бағбан бабамыз Дүйсенбі Жарқынбаев 1871 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясының бағын алғаш ұйымдастырушылардың бірі болып, едәуір алқапқа түрлі ағаштар егіп, күтіп-баптады. Бұл бақ қазіргі кезде Алматы қаласының орталығындағы «28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы» - деп аталады. Д. Жарқынбаев бабамыздың бағбандық қолтаңбасы қазіргі Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Баум тоғайында да бар екендігі де белгілі. Д. Жарқынбаев бабамыздың бағбандық қызметін бағалай отырып, 1906 жылы сол кездегі Жетісу ауылшаруашылық қоғамы оны «Қажырлы да шебер бағбаншылық өнері ушін» Құрмет грамотасымен марапаттаған.
Жарияланған-2015-12-07 17:49:06 Қаралды-4578
САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.
ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ

Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
БОЛАТ САРЫБАЕВ

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.