КЕНДІ ҚАЛАЙ ӨНДІРЕДІ
Категориясы: Технологии
Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба байлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан, т.б. нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды. Кен байлығы, яғни қазба байлыққа мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе жер койнауындағы минералдык заттардың шоғыры жатады.
Кен жер қыртысында әр түрлі тереңдікте орналасады. Олар қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Сондықтан да оларды өндіру де әр түрлі жолдармен жүргізіледі.
Жер койнауындағы кендерді бұрғылау, геофизикалық зерттеу, сынама алу, т.б. тәсілдермен анықтайды. Кен байлығының сапасы мен мөлшерін анықтап болғаннан кейін сол кен орнында әр түрлі карьерлер, шахталар, кеніштер құрылады. Шахта немесе карьер ішінде кенді бұрғылау, копару, кентас кесектерін ұсақтау, көлікке жеткізу, тиеу, кен алынған кеңістікті құлатпай ұстау, кентасты жоғары қарай көтеру және оны сұрыптау, жер бетіне кентасты белгілі бір тәртіппен үйіп, оны тұтынушыларға (зауыт, кен байыту комбинаттары, т.б.) тиеп жөнелту, пайдасыз тау жыныстарын үйіндіге төгу, т.б. жатады. Бұл жұмыстар кентастарды өндіретін кеніштерде атқарылады. Кеніштердегі жұмыстардың қосалқы түріне қазбаларды жөндеу, желдету, шахта (карьер) ішіндегі суды сыртқа шығару, электр куатымен, ауамен және сумен қамтамасыз ету, адамдарды шахтаға түсіріп, шығару, т.б. жатады.
Қазіргі кеніштер, шахталар мен карьерлер автоматты баскару, бақылау және байланыс техникасымен жабдықталған және өндіріс процестері толығымен механикаландырылған.
Егер кен байлықтары жер бетіне жақын жатқан болса, онда олардың беткі кабатын сылып алып тастайтын кен ашу жұмыстары жүргізіледі. Кен байлығын ашық өндіруде электр энергиясы шахталық өндіруге қарағанда 10-30 есе арзанға түседі.
Жер жүзінде жыл сайын 25 млрд тоннаға жуық қатты кен байлықтары өндіріледі. Оның ішіндегі 15 млрд тоннасы металл емес кен байлығы.
Жарияланған-2015-11-26 15:28:12 Қаралды-8321
ШАШУБАЙ ҚОШҚАРБАЕВ

Шашубай Қошқарбаев (1865-1952) - қазақтың белгілі айтыскер ақыны, сазгер, әнші, гармонь, домбыра аспаптарында шебер орындаушы. Ол Қарағанды облысындағы «Қызыл шоқы» деген жерде дүниеге келіп, ғасырға жуық ғұмыр кешті.
ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.
МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.
ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.