АРША
Категориясы: Өсімдікті
Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.
Ақсу-Жабағылы қорығында табиғат ескерткіші ретінде бірнеше түрі қорғалады. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Арша 300 жылдай өмір сүреді. Құрамында эфир майы, шайыр, балауыз болғандықтан дәрі алынады. Аршаның бір қасиеті — өте қауіпті радиоактивті элемент - уранды табуға көмектеседі. Өйткені арша бұтағы бойына уранды жинайды.
Аршаны қазақтар киелі ағаш санап, оның бұтағын ұзақ ғұмыр, бақыт, береке әкелсін деген ырыммен үйге іліп қояды.
Жарияланған-2015-11-26 14:40:17 Қаралды-9335
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
КҮРЕС ӨНЕРІ ТАРИХЫНАН

Күш атасы атанған балуандык өнер - спорт сүйер қауымның ең қадірлісі десек, қателеспейміз.
«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.