БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ
Категориясы: Жануарлар
Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады.
Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бірі. Ертедегі теңіз саяхатшылары көгершіндерді бір елден екінші елге апарып, олардың кеңірек таралуына себепші болған. Олардың адам өміріндегі тигізетін пайдасы көп-ақ. Байланыс кептері, етті кептер, спорттық және сәндік үшін өсірілетін кептерлер болып бөлінеді. Кептерлер үй шатырына ұя салады. Оның ұрғашысы 1-2 жұмыртқа салып, еркегімен кезектесіп басады. Бейбітшілік құсы - кептерді қорғау керек.
Жарияланған-2015-11-26 13:21:51 Қаралды-8553
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ ұста деп екі топқа бөлг
БАЛ АРАЛАСТЫРЫЛҒАН СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Ұнға сода араластырылып, елекпен еленеді. Май қантқа қосылып, әбден ағарғанша шайқалады.
ТАРЫ ТАЛҚАНЫ

Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.
САБУНИ АЛУАСЫ

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде - «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») - оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.
ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.