ҚҰР
Категориясы: Жануарлар
Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды. Орман алаңқайында қораздардың бірі құйрығын жел-пуіш тәрізді көтеріп, мойнын аспанға созып, айдарын үрпитіп, қанатымен жер тырнап, секіріп, айналып жүреді. Осы кезде алаңға ұшып келген басқа қоразбен жойқын талас басталады. Құрлар арасындағы бұл шу бірнеше күнге созылады. 1-2 жасарлары қораздануға ересектерден кейін қатысады. Жеңгені мекиендерін иемденіп, жұптасып, ұя салуға кіріседі. Бұл жұп уақытша ғана сақталады. 4-тен 12-ге дейінгі жұмыртқаны аналық құр басып шығарады.
Жарияланған-2015-11-25 22:40:14 Қаралды-37966
АЛАКӨЛ

Алакөл - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы - 104 км, ең терең жері - 54 м. Ертеректегі таулардың қайта көтерілуінен болған Тетис теңізінен бөлініп қалған су қоймасы. Алакөлдің бірнеше атауы бар.
Көздің көруіне пайдалы суреттер

Көзге сәбіз, қаражидек, көзге арналған жаттығулар және демалыстар пайдалы екендігі барлығына мәлім. Көздің көруіне жақсы әсер ететін ерекше суреттердің бар екендігін білесіздер ме?
ШУ ӨЗЕНІ

Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км.
ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
БАРЕЛЬЕФ

МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.