UF

БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ

Категориясы: Табиғат


Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула біртіндеп жазыққа ұласады. Табиғаттың әдемі, сұлу келген тас мүсіндері де дәл осы орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің жағалауларындағы әсем құздар, алуан бейнелі алып жартастар, үңгірлер, тау етектерінен аққан бұлақтар ерекше көрік береді. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған «Найзатас», «Жұмбақтас», «Көгершін», «Кемпіртас», «Атбасы», сонымен бірге қола дәуірінен қалған «Әулиетас», «Құмыра» атты тарихи-археологиялық ескерткіштер көптеп кездеседі. Бұлардың барлығы осында - Қазақстанда тұңғыш рет 1985 жылы ұйымдастырылған Баянауыл ұлттық табиғи саябағында орналасқан. Жасыбай көлінің солтүстігінде таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікелей көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың (320 м) бар. Оның дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген белбеумен белуарынан айналдырыла тартылғанын көруге болады. Шың ертеден ел аузында «Құсайын Найзатасы» немесе «Найзатас» деп аталады. Бұдан әрі жол аузын қонақжай қазақ дәстүрімен зәулім келген хан ордасындай «Киіз үй» қарсы алады. Ол лоджиялары бар театрды елестетеді. Театр алдындағы жартастарды - күн көзінен немесе жаңбырдан таса болар биік-биік «саңырауқұлақ» тастарды табиғат көрермендер үшін әдейі жаратқан сияқты. Одан әрі бір-бірімен құшақтасып, махаббат мұңын сыбырласқан қос ару - «бүйрек тасты» көруге болады. Содан соң «мыстан кемпірдің» басы шыға келеді. Осындай ғажайып тас мүсіндерді бұл аймаққа табиғат әдейі жинап қойған «ойыншық алаңына» ұқсатуға болады. Бұл Баянауыл тауларының бір көрінісі ғана. Мұндай табиғат ескерткіштері («Қырғыншы», «Жылантас», «Қос батыр», «Жас батыр», «Кәрі батыр», т.б.) жетерлік.

  Жарияланған-2015-11-25 21:00:05     Қаралды-12902

Мәлімет сізге көмек берді ма

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

...

Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ

...

Күлтегін ескерткіші 1889 жылы орыс археологиялық-экспедициясының басшылығымен Көкшін-Орхон өзенінің оң жағалауынан Кіші-Цайдам деген жерден табылған. Бұл ескерткіш Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰҢҚАР

...

Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Арыстан прайдтың бастаушысы болған кезде ол барлық арыстанның күшіктерін өлтіреді

...

Африкандық арыстанның аталығы прайдтың бастаушысы болған кезде ол алдындағы еркек арыстандардың барлық күшіктерін өлтіреді. Бұл оның тұқымын көбейтуге мүмкіндік береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

...

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі

ТОЛЫҒЫРАҚ »