UF

МАҢҒЫСТАУ

Категориясы: Табиғат


Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сүлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Көктен караған адамға құлазыған құла түз көрінетін Маңғыстау небір ғажайыптарымен ерекшеленеді. Мұнда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр.

Сондай-ақ Маңғыстау өңіріне Үстірт жоны мен Қарақия ойпаты қайталанбас өң береді. Қиялда ғана кездесетін қиыр-шиыр, шым-шытырық жер бедерін ежелде мұхит суының ағындары мен толқындары калыптастырған.

Тұран жазығы мен Арал теңізі, Маңғыстау түбегі мен Каспий теңізіндегі Қарабұғаз көлінің жағалауы аралығында тақтайдай жазық әрі белесті келген жер Үстірт деп аталады. «Үстірт» жер бетінен көтеріңкі, биік деген ұғымды білдіреді. Оның кемерлері тілімденген, шет жақтары тік құлама құз, жар болып келеді. Шығысында Қарақия ойпаты көсіліп жатыр. Ол - мұхит деңгейінен 132 м төмен орналасқан алып қазаншұңқыр.

Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Құдіреттің өзі тұңғиық су асты әлемінің құпия көрмесін қолмен әкеп орнатқандай. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазаншұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін шыңырау құдықтарды, біріне бірі жалғасып жатқан зәулім үңгірлерді, мұзтауларға ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан сарқырамаларды, көзге көрінбейтін, күркіреген үні ғана естілетін тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түкпірінен кездестіру қиын.

 

  Жарияланған-2015-11-25 20:54:19     Қаралды-6550

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

...

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?

...

Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨҚТЕМДІК ЖАНАРГҮЛ

...

Көктемдік жанаргүлдің шикізаты аптекаларда тұнба жасау үшін, ал заводтарда галенді препараттар мен гликозидтер алу үшін қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚҚАЛАҚ

...

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »