«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫ
Категориясы: Саясат
«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының 22%-ын орман алкаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау.
Саябақтың құрамына Жалаңаш, Көкбастау ауылының оңтүстігіндегі таулы алқаптар, Көкжазық, Сарнауа, Ақбұлақ, Үшкүл, Қырқобы, Жаманбұлақ, Көлсай өңірі, Талды жайлауы және Шелек өзенінің бастауы кіреді. Саябақ аумағындағы Қайыңды көлі көрікті табиғатымен көз тартады және оның суының шипалық қасиеті бар екендігі елге мәлім.
Саябақ аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуык түрі өседі. Оның 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіреді. Олар күнгей кауы, жылтыр жанаргүл, Тянь-Шань жанаргүлі, Семенов кортузасы, т.б. Негізгі қорғалатын нысан - Шренк шыршасы. Бұл ағашты сым баттылығына қарап «Қызқарағай» деп атайды.
Саябақ жануарлар дүниесіне де бай. 1968 жылы бахтах балығы жерсіндірілген. Бауырымен жорғалаушылардан: Алтай жалаңаш көзі, әр түсті жылан, калқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. Құстардың 200-ге жуық түрі саябақ аумағында ұя салып, балапан өргізеді. Олардың ішінде сирек кездесетін түрлері - көк кұс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүтқоректілердің 30-ға жуық түрі мекендейді. Сирек кездесетін түрлері - барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін, сабаншы, т.б. Саябактың туризмді дамытудағы маңызы зор.
Жарияланған-2015-11-25 20:40:45 Қаралды-10844
АЛМА САМБУГЫ

Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып
КӨКШЕТАУ АЙМАҒЫ

Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің жа
ТӘТТІМБЕТ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ
МАРСТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ?

Егер сендер түнгі аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл - Марс дей беріңдер. Марс - біздің Жердің ең жақын көршісі.