UF

ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

Категориясы: Табиғат


Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы - Алматы қаласы іргесіндегі Алматы тау жотасында орналасқан. Саябақ табиғи кешендерді, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы құрылған. Іле Алатауының орталық бөлігін алып жатқан саябақ жері батысында Шамалған өзені мен шығысында Түрген өзені аралықтарын қамтиды. Саябақ белдеміне Алматы қорығы мен оған іргелес жатқан орман шаруашылықтары кіреді.

Саябақ аумағында орналасқан тау көлдері - табиғаттың ең көрікті жерлерінің бірі. Олардың ішіндегі ең ірісі әрі әдемісі - Үлкен Алматы көлі.

Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағында өсімдіктердің 1500 түрі анықталған. Бұл өсімдіктердің 40 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал 30 түрі (Іле бөріқарақаты, Іле көкжалбызы, Іле сасыры, Іле үшқаты, т.б.) Қазақстаннан басқа еш жерде кездеспейді. Саябақта жануарлардың 200 түрі, балықтардың 8 түрі, құстардың 130 түрі тіркелген.

  Жарияланған-2015-11-25 20:33:11     Қаралды-13281

Мәлімет сізге көмек берді ма

КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

...

Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАБАН

...

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЧИПСЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫ?

...

Чипсы, газировкамен бірге, ең зиянды тағамдар тізімінде бірінші орында.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?

...

Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС

...

Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »