ІЛЕ
Категориясы: Табиғат
Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғни ашық, айқын дегенді білдіреді. Көне түркі тілінде «ылғалды су», «жаңбырдан кейінгі иленген жер» мағынасын береді. Өзенде сазан, көкбас, алабұға, арал шабағы, жайын, көксерке және тұқыбалық сияқты балықтың түрлері бар.
Оң жақ жағалауында каракұйрықтарды, Барсакелместен алынған аңдар мен құстарды қорғау үшін Алтынемел ұлттық саябағы ашылған.
Іленің жағасында әйгілі «Әнші құм» орын тепкен. Жаздағы ыстықта оның төбесіне шығып төмен қарай жүгірсең, кеменің жүріп келе жатқандағы дауысы естіледі.
Жарияланған-2015-11-25 19:14:19 Қаралды-13310
ЖАЗДЫГҮНІ ШҰБАР, АЛ ҚЫСҚА ҚАРАЙ АППАҚ

Аңдардың бірі жауынан ағаш қуысына, екіншісі қар астына, үшінші біреулері індеріне жасырынып құтылады.
ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы
ЕКІБАСТҰ3

Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.
БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің Барсакелмес аралында 1939 жылы құрылды. Бұл арал сазды, тақырлы, құмды болғандықтан, өсімдіктері де, негізінен, шөл далалық. Негізгі өсімдігі - сексеуіл. Қорықта қарақұйрық, ақбөкен мекендейді.