АЛАКӨЛ
Категориясы: Табиғат
Алакөл - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы - 104 км, ең терең жері - 54 м. Ертеректегі таулардың қайта көтерілуінен болған Тетис теңізінен бөлініп қалған су қоймасы. Алакөлдің бірнеше атауы бар. Моңғолша «Гүргенор» - «көпірлер көлі» дегенді білдіреді. Құмды жолдарға байланысты да осылай аталуы мүмкін. Қазақтар Дауыл көл, Жұмбақ көл деп те айтқан. Жоңғар қақпасынан соққан қатты желдің әсерінен көлде күшті су толқыны пайда болып, тез өзгеріп отырған.
1999 жылы көл жағалауындағы табиғатты сақтау үшін Алакөл қорығы ашылды. Ол жерде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген Алакөл шағаласы мекендейді.
Алакөлдің суы минералды. Тері ауруларына, кейбір аллергиялық ауруларға шипа.
Жарияланған-2015-11-25 18:56:07 Қаралды-6550
НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?
Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.
ТҰШ БАУЫРСАҚ
Бұл көбінесе мерекелерде ғана дайындалады. Сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға ұн қосылып, қамыр иленеді.
ЖЕР АТМОСФЕРАСЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНША?
Біздің Жер планетасы газ қабатымен - атмосферамен қоршалған.
Неге қаламның қақпақшасы осылай болуы тиіс?
Шарлы қаламды барлығы біледі. Бірақ, қаламның қақпақшасы неге осылай болатынын ешкім ойламаған.
КЕРАМИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРЛЕРДІҢ БІРІ
Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген.
ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?
Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады.