АЛТАЙ
Категориясы: Табиғат
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері - Мұзтау (Белуха) шыңы. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарағай, майқарағай өседі.
Алтайда жауын-шашын мол болғандықтан, өзендер, көлдер көп. Таудың ортасында,
1449 метр биіктікте ерекше көзге түсетін Марқакөл көлі бар. Көлдің тереңдігі - 27 метр. Оған 27 кішігірім өзен келіп құйып, жалғыз Қалжыр өзені ағып шығады. Осындай сұлу табиғатты қорғау мақсатымен Марқакөл қорығы ашылған.
Тағы бір тамаша орындардың бірі - Рахман бұлағы. Онда әр түрлі тері ауруларын емдейтін курорт жұмыс істейді. Бұдан 200 жыл бұрын Рахманов деген кісі аң аулап жүріп оқ тиген аңдардың көл суы арқылы жазылып кететінін байқаған. Зерттей келе, бұлақ суының емдік қасиеті бар екендігі анықталды.
Алтай тауы қазба байлықтарымен де бағаланады. Тіпті олардың біздің заманымызға дейін пайдаланылғаны дәлелденген.
Жарияланған-2015-11-25 17:44:31 Қаралды-11176
Намыс жеңістен де маңызды

Бұл оқиға 2012 жылы желтоқсанда болды. Испанияның Наварра провинциясында күшті атлеттер мен тұлғалы жүлделі қордың қатысуымен ірі халықаралық жарыстар болған. Бірақ, бұл сайыстар тарихқа тіпті үздік спорттық жетістіктермен келмеді.
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. О
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.
ШЫҒЫС АЛУАСЫ

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.