АЛТАЙ АЙМАҒЫ
Категориясы: Табиғат
Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалба жоталарымен шектеледі. Бұл таулар арасындағы Бұқтырма мен Үлбі өзендері аралығын Кенді Алтай деп атайды. Ел аумағындағы Алтай тауларының ең биік жері - Мұзтау тауы (4620 м). Ол Алтайдың Ресейлік шекарасы тұсында орналасқан.
Алтай аймағымен ағатын Қазакстанның ең ұзын әрі суы мол Ертіс өзенінің сол жағалық аңғары Ертіс жазығына ұласады.
Жалпы, Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігі, яғни Батыс Алтай тауларын Кенді Алтай деп бекер айтпайды. Мұнда Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің 50-ге жуығы табылды және олардың 30-дан астамы өндіріледі.
Алтай аймағының ауа райы қатаң. Қыс айларында тау шатқалдары мен қазаншұңқырларда -50°С-қа дейін суытады. Жаз айларында +35°С-қа дейін ысиды. Еліміз бойынша, Алтай аймағы - жауын-шашын ең көп түсетін өңір.
Аймақтағы өзендердің барлығы дерлік Ертіс өзенінің салалары және олардың сулары жыл бойы мол болады. Басты өзендері: Қоба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Ануй, Песчанка, т.б. Сонымен қатар үлкенді-кішілі 70-тен астам көл бар. Олардың ішінде елімізге танымал Зайсан және Марқакөл, Қаражал, Қамысжал және емдік қасиеті бар Рахман бұлағын (көлін) айтып өтуге болады.
Аймақта биік таулар көп болғандықтан, мұнда 1000-нан астам мұздықтар бар. Аумағының 70%-ын орман алып жатқан Алтай таулары жан-жануарларға бай.
Алтайды басып ағатын еліміздің басты өзені - Ертіс бойында Өскемен, Семей, Павлодар сяқты маңызды қалалар, сонымен қатар Серебрянск, Риддер, Зыряновск, Зайсан атты басқа да шағын қалалар, Белоусовка, Үлбі, Жезкент, т.б. кенттер орналасқан.
Жарияланған-2015-11-25 17:36:38 Қаралды-8262
ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен
ЭЙЕРКИХЕЛАХ

Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ

Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.
14 ТҮРЛІ ПАЙДАЛЫ ТОСАПТАР (СИРОП)

Тосап қайнату үшін мөлшері бірдей, ұсақтау қызыл помидорлар іріктеледі. Ол үшін жарақатталған, езілгендері алынып тасталынады.
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ

Мұнай - Жер шарының шөгінді қабатында таралған жанғыш майлы сұйық зат. Түсі ашық қоңырдан қараға дейін өзгеретін мұнай жер бетінен 1,2-2,0 км-ден 5-15 км және одан да тереңде жатады. Ол газ тәрізді көмірсутектерімен бірге түзіліп, бірге жүреді. Сондықтан
ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?

Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.