ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ
Категориясы: Табиғат
Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағындағы ұзындығы 900 шақырымға жуық. Ол Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жерін басып өтеді. Жайық бастауын Ресейден (Орал тауынан басталады) алып, Каспийге құяды. Қазақстан аумағында оның 30-ға жуық салалары және Ор, Сақмар, Елек, Шаған. Өлеңті, Бұдарты, Көлдіғайтты және Көшім, Бағырлысай, Бақсай атты тармақтары бар. Ел аумағында өзеннің кейбір тұсының ені 800 метрге дейін жетеді.
Орал мен Атырау қалаларының аралығында өзен арқылы кемелер қатынасады.
Суы мол болғандықтан балықтың түрлері де көп. Онда дүние жүзіне әйгілі бекіре, қортпа, шоқыр, көксерке, сазан, қаракөз, табан, шортан, жайын және т.б. тіршілік етеді.
Өзеннің суы мол болғандықтан және далалы, шөлейтті жерлермен ағуына байланысты оның алабында көптеген каналдар мен бөгендер, су жүйелері салынған.
Жарияланған-2015-11-25 17:26:31 Қаралды-5937
ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.
ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ

Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді.
ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар.
ҚАРТА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Қарта – жылқының тік ішегінің жуан бөлігі. Ол әуелі жыннан тазартылып, салқын сумен әбден жуылады, содан соң салқын жерге ілініп қойылады.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
АЛАКӨЛ ҚОРЫҒЫ

Алакөл қорығы 1998 жылы 21 сәуірінде ұйымдастырылды. Алакөл қорығы Жетісу өңіріндегі Жоңғар Алатауы мен өзендерінің табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Еліміздегі ең терең көл — Алакөлдің де сұлу табиғаты осы қорық құрамында.